Николай Карамзин
Карамзин Николай Михайлович (12.12.1766, Ресей, Орынбор облысы, Михайловка село – 3.6.1826, Санкт-Петербург) – орыс жазушысы, тарихшы.
Шаден пансионында білім алды (1780 – 83) әрі Мәскеу университінде дәріс тыңдаған. Карамзиннің шығармашылығы С.Геснердің “Ағаш аяқ” идиллиясын аударудан басталды (1783). 1789 жылы Батыс Еуропаны аралап, белгілі жазушы, ойшыл ағартушылармен танысты. Ол Ресейде “Московский журнал” (1791 – 92), “Вестник Европы” (1802 – 03) журналдарын шығарды. Алғаш аударма жұмысымен айналысқан Карамзин кейін өзінің тұңғыш шығармасы – “Евгений және Юлия” повесін жазды (1789). Ол “Бишара Лиза” (1792), “Орыс саяхатшысының хаттары” (1791 – 92), т.б. повестері арқылы орыс әдебиетінде сентиментализм бағытының негізін салды. Орыс тілін шіркеу сөздерінен тазартып, әдеби тілдің дамуына ықпал жасады. Сондай-ақ, бірнеше тарихи шығармалар жазып елге танымал болған Карамзин 1803 жылдың 31 қазанында Александр I патшаның жарлығымен ресми тарихнамашы болып тағайындалды. Оған жыл сайынғы зейнетақы белгіленеді. Карамзин 1803 – 1826 жылдар аралығында “Ресей мемлекетінің тарихы” атты 12 томдық еңбегін жазды. Бұл еңбек – орыс халқының тарихында үлкен оқиға болды. Карамзиннің еңбегі ұлттық сананың оянуына ықпал етті, жазба тарихи деректерді іздеп табу, өңдеу және жариялау туралы деректанулық білімнің қалыптасу мектебі болды.