Бәкір Тәжібаев
Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев (15.5.1926, Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Ақбұлақ аулылы - 8.11.1994, Алматы) - ақын, драматург, әнші. сазгер. Алматы көркемсурет-театр училищесін бітірген (1950). 1950 - 1958 жылы Жамбыл, Шымкент облысы драма театрларында актер. 1958 - 1974 жылы Қазақ опера және балет театрында бөлім меңгерушісі. Алматы обысы халық шығармашылығы үйінің директоры. Қазақ театр қоғамында кеңесші-әдіскер болды. 1974 жылдан шығармашылық жұмыста. Алғашқы шығармалары 1956 жылы жарияланған. "Қара торғай" тұңғыш жинағына (1967) новеллалары енген. "Сал сері- Қыз қосан" (1956), "Ана жүрегі (1960), "Қарагөз қарындасым" (Ж.Жұмақановпен бірге, 1962), "Ақтау әні" (1970) пьесалары республикалық, облыстық театрлар сахналарында қойылды. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаев -"Қамар сұлу" операсы (Музыкасы Е.Рахмадиевтікі, 1963) либреттосының, 150-дей әннің авторы. Бірқатар әндері ("Жас дәурен", "Ақбұлақ", "Әппағым-ау, әппағым", "Гүлсің-ау", т.б.) Қытай, Моңғолия, Түркия, Ауғанстан, Иран, т.б. елдерде тұратын қазақтар арасында кең тараған. Бәкір Төлеуұлы Тәжібаевтың орындауында көптеген өз әндері күйтабаққа жазылды.