Базар Оңдасұлы
Базар Жырау Оңдасұлы Балқы Базар (1842, қазіргі Қармақшы ауданы ауыл – 1911, Өзбекстан, Тамды ауданы Жалпақтау деген жерде) – жырау. Руы – шөмекей ішіндегі Балқы, сондықтан ел арасында Балқы Базар аталып кеткен. Болашақ жырау әкесінен ерте жетім қалып, есейгенше нағашысы Өтемістің қолында тәрбиеленген. Тоғыз жасында Тәспен би оны өз қолына алады. Тәспен ауылна сол кездегі Сыр бойы, Арқа өңіріне белгілі жыраулар жиі келіп, апталап-айлап жатады екен. Бұл Базардың жыраулық жолға түсуіне бірден бір себеп, үлкен мектеп болады. Базар жырау 15 – 16 жасында бала жырау атанады.