Василий Вильямс

ВИЛЬЯМС Василий Робертович (9.10.1863, Мәскеу қ. – 11.11.1939, сонда) – топырақтанушы, Беларусь Ғылым Академиясының (1929), КСРО Ғылым Академиясының (1931 ж.) және Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы академиясының академигі (1935 ж.), агроном топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі. Петров егіншілік және орман шаруашылығы академиясын (1887, қазіргі К.А.Тимирязев атындаңы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясы) бітірген. 1888–1891 ж. Францияда (Пастер лабораториясында), Германияда (Воль лабораториясында) ғылыми жұмыстар жүргізген. 1894 жылдан өзі оқыған академияның жалпы егіншілік және топырақтану (кейіннен топырақтану кафедрасы) кафедрасын, өмірінің соңына дейін басқарды. Тимирязев атындындағы ауыл шаруашылығы. академиясының ректоры (1922–1925 жж.) болды. В-тың ғылыми-зерттеу жұмыстары топырақтану ғылымының агрономикалық және биологмя салаларына егіншілік пен шалғынтануға арналған. Ол топырақтың түзілуі күрделі биологиялық процесс екендігін дәлелдеп, топырақ құнарлылығын сақтау және одан әрі жетілдіру жөнінде агроном. шараларды белгіледі. В. топырақ құрылымын жақсартудың негізі ретінде егіншіліктің шөп танапты жүйесін ұсынды. Бұл жүйенің басты буыны – егіншіліктің ауыспалы жүйесінде негізгі егілетін дақылдармен қатар міндетті түрде шөп танапты егістіктің болуы. В. шөп танапты егістіктер ретінде бұршақты шөптер мен дәнді шөптерді араластырып егуді ұсынды. Қазақ ауыл шаруашылығы академиясының егіншілік ғылыми-зертеу институтына В.Р.Вильямс есімі берілген (1940 ж.).
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: