Ахат Шәкәрімұлы
Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердиев (1900-1984), ақын, фольклоршы, шежіреші, ұстаз. Шәкәрімнің кенже ұлы. Ұзақ жылдар бойы Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі, одан кейін Абайдың Семейдегі қорық - мұражайының ғылыми қызметкері болды. Құнанбай мен Абайдың, Шәкәрімнің өміріне қатысты орасан мол деректер жинастырып, Абай мұражайының ғылыми қорына тапсырды. Мақалалары, естеліктері, өлендері мерзімді баспасөздерде жарияланды. М. Әлиакпаровтың құрастыруымен Ахаттың естеліктері мен өлеңдері 1997ж. жарықкөрді. М. Әуезов Ахатқа әкесі Шәкәрімнің суреттерін сыйлаған және ақынның қолжазбаларын жинап, ретке келтіруді тапсырған. Жазушының тапсырмасы бойынша, Шәкәрімнің өлеңдері мен дастандарын 2 том етіп құрастырып, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының қолжазба бөліміне өткізді. Ақын шығармаларының кейінгі басылымдары сол қолжазбаның негізінде жүзеге асырылды.