Айбатыр Сейтақ
Айбатыр Сейтақ (28.2.1966 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылы) — ақын. 1989 - 1997 жылдары Орал және Қостанай облысы телерадио компанияларында теледидар редакторы болып жұмыс істеген. "Сарыарқа" журналы бас редакторының орынбасары, "Жас Алаш" газетінің Астана қаласындағы меншікті тілшісі, "ҚазАқпарат" агенттігінің тілшісі қызметтерін атқарған. Қазір ҚР Парламенті Мәжіліс Аппараты баспасөз Қызметінің бас консультанты. 1988 жылы "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газеті өткізген 1996 және 2000 жылдары "Сорос-Қазақстан" халықаралық қоры ұйымдастырған ақындар байқауының лауреаты. 1999 жылы ҚР Президенті стипендиясының иегері. "Ғұмырнама" атты жыр жинағы жарық көрген (1997).