Гюстав Флобер
Флобер (Flaubert) Гюстав (12.12.1821, Руан — 8.5.1880, Круассе) — француз жазушысы. Дәрігер отбасынан шыққан. Париж университетінің заң факултеттін бітірген. 1844 жылдан бастап бірыңғай жазушылықпен айналысты. Бірақ 1857 ж. жазылған “Бавари ханым” романына дейін бірде-бір шығармасы жарияланған жоқ. Алғашында романтизм бағытында жазған жазушы бірте-бірте реализмге ауысты. Негізгі шығармалары: “Сезім тәрбиесі”, “Саламбо”, “Бувар және Пекюше” романдарында ежелгі және өзі өмір сүрген қоғамдағы адамдар арасындағы қайшылықтарды суреттеген.