Фархат Бақиев
Бақиев — 1969 жылы Алматы облысы, Талғар ауданы, Қызыл Қайрат ауылында туған. 1987 жылы Талғар ауданындағы №31 орта мектепті бітіріп, ҚазМУ-дің журналистика факультетіне түсті. 1988-1989 жылдары міндетті әскери қызметін атқарды. 1993 жылы университетті тәмамдап, журналист мамандығына ие болды. Қазақ радиосының «Шалқар» бағдарламасында қызмет етті. 1999 жылға дейін ұйғыр тілінде хабар тарату редакциясында редактор, аға редактор болып істеді.
2002 жылдан бері Қытайдың Шынжаң Ұйғыр автономиялы районының бас қаласы — Үрімжіде кәсіпкерлікпен айналысады. Ондағы «Ширали» халықаралық сауда компаниясының логистика, импорт-экспорт бөлімінің директоры болып істеп, Қазақстан мен Қытай арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюына өз үлесін қосып келеді.