Қайырбек Шағыр
Шағыр Қайырбек Семейғазыұлы — 1972 жылы 16 желтоқсанда бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданында дүниеге келген. 1990 жылы «Ақбұлақ» орта мектебін оқып бітірген. 1990-1992 жылдары әскер қатарында қызмет етіп оралған соң, Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетіне түсіп, сырттай оқып бітірген. Оқи жүріп, Абыралы аудандық «Жаңғырған Абыралы» газетінің әдеби қызметкері, аға тілшісі болып журналистік еңбек жолын бастаған. 1996 жылы Алматыдағы республикалық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан мектебі» журналына тілші болып қабылданып, әр жылдары бөлім редакторы, жауапты хатшы міндеттерін атқарған. 2002 жылы жаңадан ашылған «Тәрбие құралы» журналының бас редакторлығына тағайындалып, 2011 жылға дейін осы қызметті атқарған. Қазіргі уақытта «Жас спортшы» журналының бөлім редакторы. ҚР Журналистер одағының мүшесі. Педагогикалық баспасөзде еңбек ете жүріп, «ҚР білім беру ісінің үздігі» белгісімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Аудармашы ретінде көптеген деректі фильмдер мен танымдық кітаптарды, шетел поэзиясын қазақ тіліне аударған.
«Тартылыс» (2006), «Жол ережесі» (2010), «Домбыраға шаң қонбаса…» (2012) поэзиялық жинақтарының, «Жақсыменен отырған жарты сағат» (2012) атты мақалалар жинағының авторы. Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.
«Тартылыс» (2006), «Жол ережесі» (2010), «Домбыраға шаң қонбаса…» (2012) поэзиялық жинақтарының, «Жақсыменен отырған жарты сағат» (2012) атты мақалалар жинағының авторы. Республикалық жыр мүшәйраларының жүлдегері.