Шәрбану Бейсенова

Шәрбану Қонақбайқызы Бейсенова (14 қазан 1947 жылы, Ұлан ауданы, Шығыс Қазақстан облысы) — жазушы, журналист. Қазақ мемлекеттік университетін 1969 жылы бітірген. Еңбек жолын республикалық «Парасат» (бұрынғы «Мәдениет және тұрмыс») журналында 1968 жылы әдеби қызметкер болып бастаған, кейіннен бөлім меңгерушісі болды. 1980 жылы «Қазақстан әйелдері» журналына бөлім меңгерушісі болып ауысты. Қазақстан Республикасы Ақпарат министрлігінің Баспа істері жөніндегі департаментінде бас маман әрі жаңадан жарық көрген кітаптардың насихатымен айналысқан.«Қазақ әдебиеті» газетінде «Кітап әлемі» қосымшасының редакторы болды.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:
Автордың жарияланған шығармашылығы жоқ