Жетес Қыстаубайұлы

Жетес Қыстаубайұлы (1828, Қызылорда облысы Арал ауданы — 1914, Арал ауданы) — би, шешен.


Кіші жүз құрамындағы әлімұлы тайпасы, шекті руының жақайым аталығынан шыққан. Жетес би ел арасындағы даулы мәселелерді шешуде тапқырлығымен, әділдігімен көзге түскен. Ол халық қамын ойлаған болыс ретінде де ел құрметіне бөленген. Жетес бидің Райым, Шыбынды болыстарын басқарғаны туралы деректер бар. Оның билік кесімдері, шешендік сөздері ел арасына тарап, “тілді би” атанған. Жетес би туралы Қ.Салғариннің “Көмбе”, С.Толыбековтің “Қазақ шежіресі” кітаптары мен “ Ел аузынан” жинағында жазылған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: