Жүсіп Қыдыров

Жүсіп Байболатұлы Қыдыров(18 наурыз 1937 жыл, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы Талап ауылы — 1983) — ақын.

1960 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін (журналистика бөлімшесін) бітіріп, баспасөз орындарында әр түрлі қызмет істеген. 1960-1966 жылдары «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1966-1967 жылдары Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының дубляж бөлімінде аға редактор, 70-жылдардың соңымен 80-жылдардың басында «Жалын» баспасында аға редактор болды.

Әдебиетке 60-жылдардың басынан бастап араласқан. Алғашқы бір топ өлеңі республика жас ақындарының «Жырға сапар» атты жинағында басылды. Кейіннен бірнеше жыр кітабы өмірге келді. Алматы, Мәскеу баспаларынан орыс тілінде жинақтары шыққан. Шығыс поэзиясының жүлдыздары — Рудакидің, Хафиздің, Физулидің, сондай-ақ Шелли мен Блоктың жырларын қазақшалаған.

«Мың бір күн» өлеңдер жинағы үшін 1984 жылы (қайтыс болғаннан кейін) Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты атағы берілді. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:
Автордың жарияланған шығармашылығы жоқ