Болат Құрсақбай

1963 жылы ақпан айының 2 күні ҚХР Шінжаң өлкесі, Қорғас ауданында дүниеге келген. 1973 жылы мектеп табалдырығын аттаған. Ол 1981 —1983 жылдары Қорғас аудандық қазақ орта мектебін тамамдаған. Үрімжі педагокиалық коллджін бітіріп, Кеген ауылдық мектепте мұгалім болып, мектепте әдебиеттен сабақ берген. 1992 — 1995 жылдары сырттай әдебиет факулдетін бітірген. 2006 жылы атамекенге қоныс аударып, Алматы облысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылына қоныстанған. Ауылдық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Елтінді батыр» атындағы ата-аналар қоғамының төрағасы. Мектеп жанындағы қамқоршылық кеңестің орынбасары.Алмалы ауылдық «Болашақ қорының» төрағасы. Жеке кәсіпкер. Әлем халықтары жазушылар одағының, Халқаралық Таңжарық зерттеу қоғамының, Мемілекеттік авторлар қоғамының, Түркі әлемі жазушылар қоғамының «Жаркент жауһарларының» мүшесі. Таңжарық төс белгісінің, мәдениет саласына қосқан айырықша еңбегі үшін «ҚР тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік төс белнісңнің иегері. Мұқағалидың 90 жылдық жыр байқауында «Сіз ұшырған аққу жыр» атты өлеңі бірінші дәрежелі сыйлығын алған. Түркі әлемі жазушылар одағының жыр мүшайрасында бас жүлде алған. Аудандық «Құрмет грамотасы» мен Аудан әкімінің «Алғыс хаттары» мен екі рет, Әлем Халықтары Жазушылар одағының «Ән әлеміне қосқан еселі еңбегі үшін» алғыс хат, «Шыңға біткен шынар» Айдос Әріпбаев атындағы сыйлықпен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерей тойына орай, көп жылғы еңбегі және мәдениет саласына қосқан үлесі мен жеткен жетістіктері үшін, «Құрмет» Грамотасымен марапатталған. 2010 жылдан бастап «Жетісу», «Алатау», «Жәркент өңірі», «Орбұлақ», «Жәркент анасы», «Таңжарық» газет-журналдарға өлеңдері жарық көрген. Талантқа тағзым тобының шығарған «Көсеге» жыр жинағына, Түркі Халықтары жазушылар одағы құрастырған «Тұран әуендері» ән жинағына, «Тұран үні» жыр жинағына өлеңдері кірген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: