Ұларбек Нұрғалымұлы
Қазақтың ақыны. 1983 жылы дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясын «кинотеледраматургия» мамандығы бойынша бітірген және осы мамандық бойынша Астанадағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінде оқып, «Өнертану» магистрі дәрежесін алған. Қазір осы университетте «қазақ театр тарихы» пәнінен дәріс оқиды және Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет істейді.
Ұларбектің негізі тақырыбы қазақтың ұлттық танымы. Қазақтың мақал-мәтел, тұрақты сөз тіркестерінің мағыналары және салт-дәстүр, ұлттық классикалық музыка, ән мәтіндерінің бүгінде шаң басып, ұмыт болып бара жатқан ғажайып сырларына үңілген публистикалық зерттеу мақалары, нағыз қазақтың болмысын көрсететін көркем әңгімелері оқырмандарды ерекше баураған. Интернет әлемінде оқылымы өте мол шығармалар қатарында. Мысалы, жазушының «Қар суымен кеткен жылқы» дейтін әңгімесі туралы ақын Тоқтарәлі Таңжарық: «Дәл қазіргі уақытта этномәдени тақырыпты сенен асырып жазар жан жоқ шығар! Арқамызды аяздай қаритын сансыз көздің сұғын сезсек те, сезбегенсіп жүретін біз жазғанға не дерсің? Мынау оқып, тамсанып, бас шайқап қоятын емес, ойланатын, үлгі алатын дүние екен!» дейді.

| |
|
|
|
|
|
|