Бахтияр Амини

Бахтияр Амини – ­тегі тәжік, бүгінде елінен жырақта, Еуропада тұрып, шығармашылықпен айналысып жүрген, "хайку" жанрында жыр жазатын шайыр. Тәжікстан Жазушылар одағының, Оңтүстік орыс Жазушылар одағының және Жапония, Америка, Ұлыбританияның хайдзин қауымдастығының мүшесі, алты өлең кітаптың авторы. Өлеңдерін ана тілі – парсы тілі мен орыс және ағылшын тілдерінде жазады. 1994 жылы "Никахи негаһ" ("Көздің некесі") атты бірінші кітабы, 2012 жылы "Бе донболе чешмһа" ("Көздің соңынан") деген екінші кітабы парсы тілінде жарық көрді. 2015 жылы Украинаның Одесса қаласында "Твоя модная улыбка" кітабы орыс тілінде, ал 2020 жылы "Carrying Sunrays" кітабы АҚШ-та ағылшын тілінде, Мәскеуде "Вкус отражения" кітабы орыс тілінде, 2021 жылы Украинада "В каждой точке многоточие" кітабы орыс тілінде жарық көрді. Амини – жапонның дәстүрлі лирикалық поэзиясы – "хайку" жанры бойынша өткен көптеген халықаралық байқаулардың жеңімпазы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: