Ержанов Алмат
Ержанов Алмат Ергешбаевич 1988 жылы 18 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1994-2005 жылдары аралығында Қызылорда қаласындағы №212 орта мектепте білім алды. 2006-2010 жылдары Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша жоғары білім алды. Еңбек жолын 2010-2011 жылдары Қызылордадағы «Ақмешіт апталығы» газетінде тілші болудан бастады. Одан кейін әскери қатарына шақырылып, таулы-қорықшы батальонында барлаушы болып мерзімді әскери міндетін атқарды (әскери шені – кіші сержант). Ал,
2012-2015 жылдары Талғар қаласындағы №9 орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет етіп, білімін толықтыру мақсатында 2015 жылы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде «Өзге ұлт мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистр академиялық дәрежесін иемденді. Одан кейін «Алаш жолы» газетінде, «Айбергенов әлемі» журналында тілші қызметтерін атқарып, Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық
университетінде магистр-оқытушы болып еңбек етті. Қазіргі таңда Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр кентіндегі №7 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Іле аудандық «Іле таңы» газетінің тілшісі
қызметтерін атқаруда.