Мелих Жеудет АНДАЙ
1915 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 2002 жылы осы қалада өмірден өткен. Анкарада лицей бітіргеннен соң, екі жыл Бельгияда оқыған. Оқу министрлігінде баспасөз кеңесшісі жəне Стамбұл консерваториясында ұстаздық қызметтер атқарды.
Өлеңдері 30-шы жылдардың басынан бастап жариялана бастаған.
1941 жылы Октай Рифат жəне Орхан Уəлилермен бірге əдебиетті жаңалауды талап ететін «Бөлек көзқарас» əдеби манифесін жариялауға қатысады. Осы ақындармен бірге «Үштаған» əдеби бірлестігін құрады. Түрік Əдебиетшілері одағын басқарады. Бірнеше əдеби сыйлықтардың иегері.
«Тыныштығын жоғалтқан ағаш» (1946), «Байланыс желісі» (1952), «Бұғаудағы Одиссей» (1963) іспетті жыр жинақтарының авторы.