Мехмет Акиф ЭРСОЙ
1873 жылы Стамбұлда дүниеге келіп, 1936 жылы осы қалада өмірден өтті. Төрт жасынан бастап жергілікті мектепте, сосын Қаржы колледжінде дəріс алған. Өз бетінше ізденіп, парсыша, арабша хат таныған. 1889-1893 жылдар аралығында мемлекеттік мал дəрігерлік оқу орнын үздік бітіріп, бірқатар елдерде осы мамандығы бойынша жұмыстар атқарған. Республика кезеңінің көрнекті ақыны, мал дəрігері, ұстаз, қари, Құран Кəрімнің аудармашысы, халық қалаулысы. Ұлт-азаттық соғысы кезінде елді бірлікке, ерлікке шақырған айтулы тұлғалардың бірі.
Түркия Республикасының ұлттық əнұраны саналатын «Тəуелсіздік əнұранының» авторы. «Отан ақыны» жəне «ұлттық ақын» аталған ақынның басты шығармалары «Чанаккале дастаны», «Бұлбұл» саналынады.
Түркия Республикасының ұлттық əнұраны саналатын «Тəуелсіздік əнұранының» авторы. «Отан ақыны» жəне «ұлттық ақын» аталған ақынның басты шығармалары «Чанаккале дастаны», «Бұлбұл» саналынады.