ҚАРАЖАОҒЛАН

1606 жылы Адана қаласының Варсак ауылында дүниеге келіп, 1689 жылы өмірден өтті.
Сайылогуллары руынан екені, Торос таулы аймағын мекендеген түркімендердің арасында өскені туралы тарихи деректер кездеседі.
Анкара, Кайсери, Кония, Караман, Адана, Диярбакыр, Мардин, Халеп қалаларында болған. Мысыр, Сирия, Траблус, Грекия елдерін аралаған, өмірінің көбін жат жерлерде өткізген.
Қаражаоғлан ауыл-ауылды аралап, ескі əдет-ғұрып пен халықтың тұрмыс-салтына байланысты өлеңдер жазған. Оның өлеңдерінде көктем, жаз, жасыл жайлау, асқар тау, мөлдір бұлақ сияқты табиғат сұлулықтары да үлкен суреткерлікпен бейнеленген.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: