Жəлалəддин РУМИ
1207 жылы Балхта туып, 1273 жылы қазіргі Түркия жеріндегі Коньяда қайтыс болған Шығыстың ұлы ақындарының бірі. Өмірінің əр кезеңдерінде Нишапур, Бағдад, Дамаск, Алеппо секілді қалаларда тұрған. Көптеген ғəзалдар, лирикалық өлеңдер мен «Мəснəуи» атты дастан жазған ақынды адамзаттың рухани қазынасына үлес қосқан ақын деп бағалауға болады.