Темірше Сарыбаев
Сарыбаев Темірше — Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты Мырзабай Ахун ұжымшарында 1941 жылы, 18 қарашада дүниеге келген. 1968 жылы Қызылорданың Н.В.Гоголь атындағы педагогтік институтының филология факультетін бітірген. 1968—72 жылдары Жалағаш аудандық "Жаңадария", 1972—1976 жылы Сырдария аудандық "Сырдария" газеттерінде бөлім меңгерушісі, 1976— 82 жылы Қызылорда облыстық сырттан оқу мектебінде методист, 1982—1989 жылдары қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар редакциясында редактор, "Балдырған" журналында 2000—2005 жылы бөлім редакторы қызметтерін атқарған. Қазір "Маматай" баспасында редактор. 1994 жылдан — Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын.
"Дария-дәурен" жыр жинағы 2002 жылы "Фолиант" баспасынан жарық көрген. республикалық ондаған жыр мүшайраларының жеңімпазы. Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы, Бауыржан Момышұлының 90 жылдығы, Алматы қаласын жырлау бәйгелерінде бірінші орынды жеңіп алған ақын. Қазақ телеайтысының негізін қалаушылардың бірі. Республикалық III ақындар айтысын ұйымдастырушылардың бірі.