Төлеген Рахымжанұлы

1938 жылы 20 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Катонқарағай ауданы, Еңбек ауылында туған. 1961 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультет тамамдаған.

1961 жылы Катонқарағай ауданы, Оленье совхозындағы (қазіргі «Ақмарал») аралас тілді орталау мектебіне қазақ тілі мен әдебиеті және орыс тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы болып жұмысқа орналасқан. 1962 жылы Еңбек сегізжылдық мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, 1972 жылы осы мектептің директоры, 1978—1985 жылдары қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет істеген. 1985 жылы қайтадан директорлыққа бекітіліп, 2000 жылдан бастап қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берген. Ақынның өлеңдері аудандық, облыстық газеттерде жарияланып тұрады. 1999 жылы Алматыдан шыққан «Ағажан, Алтайдай жер қайда?!» жинағына көптеген өлеңдері енген. 2002 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Туған жер, Сені жырлаймын», «Буырқанған бұқтырма» (2004), «Асылдарым» (2007), «Қаратай елінің ақын дары» атты жинақтары жарық көрген.

1998 жылы Қазақстан Респуб¬ликасы Білім Министрлігінің Құрмет Грамотасымен, 2000 жылы «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері:

Ой