Мейрамгүл Тоғжанова
Мейрамгүл 1970 жылы Тарбағатай аймағының Толы ауданында дүниеге келген. 1990 жылы Іле педагогикалық институтын ханзу тілі мамандығы бойынша бітірген. Қазір Толы аудандық радио-телевизия мекемесінде тілшілік қызмет істейді. 1986 жылы «Бәйге» атты тырнақалды туындысы «Тарбағатай газетінде» жарияланған. Содан қазірге дейін 200-ге тарта өлеңі, 400-ге тарта хабар және мақалалары түрлі басылымдарда жарық көрген. 1990 жылдан 2002 жылға дейінгі аралықта «Тарбағатай газеті» қызметкерлері арасында он екі рет, «Шыңжаң гәзеті» бойынша екі рет, Шыңжаң халық радиостансасы ұжымы арасында төрт рет үздік ерікті тілші болып бағаланған. 2004 жылы Ұлттар баспасынан «Көгершін» атты өлеңдер жинағы жарық көрген.