Ойын өлеңдері
Қай халықтың болмасын балалар ойындарының композициялық құрылысына назар аударсақ., олардың басым көпшiлiгiнiң өлеңмен өрнектелiп келетiнiн байқау қиын емес. Халық ойындарының алғашқы және соңғы академиялық жинағында В.Всевольдский-Гернгросс мұндай ойындарды «өрнектi ойындар» (орнаментальные игры) деп топтастырады. Бұл еңбектi зерттеушi негiзiнен ойындарды жүйелеуде фольклорлық принциптi емес этнографиялық принциптi басшылыққа алған. Сондықтан да кiтапта поэтикалық ерекшелiктерi ұқсас ойындар түрлi тарауларға шашырап, әрқилы типологиялық топтардан орын алған.