Әсем Сартбаева
Сартбаева Әсем Бахытқызы – еңбек жолын 16 жасында «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы» акционерлік қоғамы Маңғыстау облыстық филиалында бастаған. Төларнаның тілшісі әрі дикторы, тележүргізуші, шеф-редактор қызметтерін атқарған. «Маңғыстау» арнасының келбетіне айналған тележүргізуші болды. Жаңалықтарды облыстық «Маңғыстау» радиосы арқылы да қалың көпшілікке қазақ және орыс тілдерінде қатар жеткізді. Жауапты кезеңдерде облыс әкімі баспасөз қызметінде жұмыс істеді. Сондай-ақ, «Даму медиа» орталығында балаларға ораторлық шеберлік, камера алдындағы жұмыс бағыттарында дәріс берді.
Әсем студент кезінен республикалық байқаулар мен пікірсайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болған. Қоғамдық өмірден қашанда қол үзген емес. Қалалық, облыстық, республикалық жиындарға ұдайы қатысып, мерекелік іс-шараларды жүргізеді. Маңғыстау өңірінің белсенді жастың бірі ретінде танымал. Әлеуметтік желілердің де тұрақты қолданушысы.
Еліміздің өзге өңірлеріне, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия мен Түркіменстанға іс-сапарға шығып, түрлі бағыттағы бейнематериалдар дайындады.
2019 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Маңғыстау облысы активімен кездесуі кезінде Әсем өңір жастарының атынан сөз сөйлеп, Президентке бірнеше ұсынысын жеткізді.
Әсем Сартбаева журналистер арасында өткен қалалық, облыстық, республикалық байқаулардың жеңімпазы, түрлі мекемелер мен облыстық басқармалардың, департамент басшыларының алғыс хатымен, құрмет грамотасымен марапатталған.
Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, «Үздік жас журналист» Ақтау қалалық сайысының жеңімпазы, Маңғыстау облысы әкімінің «Жас Тұлпар» премиясының «Үздік журналист» жастар сыйлығының иегері. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» республикалық жобасының үміткері, «Шапағат» мемлекеттік медалінің иегері. Ақордада телевизия саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы грантына ие болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасының алғысы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Әлеуметтік желілердегі парақшаларына сілтеме:
Email: assem_sartbayeva@mail.ru , assem.sartbayeva@gmail.com
Facebook: Әсем Сартбаева /Assem Sartbayeva
Instagram: assem_sartbayeva
YouTube: Assem Sartbayeva / Әсем Сартбаева
TikTok: assem_sartbayeva
Linkedin: Әсем Сартбаева / Assem Sartbayeva