Гүлнар НАУЫРША
Гүлнар НАУЫРША - Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында туған. 1972 жылы сол ауданның Жыңғылды ауылындағы Есір Айшуақұлы атындағы орта мектепті бітірді. Ауылда үш-төрт жыл жұмысшы болып істегеннен кейін, 1980 жылы Маңғыстау аудандық партия комитетіне секретарь-хатшы қызметіне орналасты. Сол жерде жүріп, аудандық «Жаңа өмір» газетінің белсенді тілшісі болды. Одан кейінгі еңбек жолы облыстық «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінде жалғасты. Еңбек ете жүріп, 1982-1988 жылдары КазГУ-дің журналистика факультетін сырттай оқып бітірді. Маңғыстау облыстық телерадиокомитетінде, кейін телерадиокомпания (қазіргі «Қазақстан-Ақтау» телеарнасы) қазақ редакциясында редактор, аға редактор, бас редактор қызметтерін атқарды.
2002 жылыоблыстық «Маңғыстау» газетіне қайта оралды.
Г.Науырша Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі. Түбекте тұратын қаламгерлердің «Жыр моншақ» жинағына бірнеше өлеңдері енген.
Өлең, әңгіме, новеллалары аудандық, облыстық, аймақтық, республикалық газет-журналдарда жиі-жиі шығып тұрады.