Байбота Қошым-Ноғай
Қошым-Ноғай Байбота Серікбайұлы — (Серікбаев Байбота) 1954 жылы 8 мамырда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданына қарасты Бесарық өңіріндегі «Талап» ауылында (бұрынғы «Талап» кеңшары) туған. 1977 жылы Қазақ мемлекеттік университеті журналистика факультетін бітірген. Сол жылы оның алғашқы өлеңдер жинағы «Тұңғыш кітап» («Таң шапағы» сериясымен) деген атпен жарық көрген. 1978–1988 жж. «Жалын» баспасында редактор, аға редактор болып қызмет атқарды. Бұдан кейін «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») журналында, «Ана тілі» мен «Қазақ елі» газеттерінде бөлім редакторы, бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерінде болды. 2001–2006 жж. «Жазушы» баспасында жетекші редактор болып қызмет еткен.
Өлеңдері, публицистикалық туындылары, ғылыми-танымдық мақалалары республикалық мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, көптеген ұжымдық жинақтарға енген. «Тіршілік ұясы» атты кітабы үшін 1988 жылы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты атанды. Шетел ақындарының өлеңдері мен ежелгі түркі поэзиясын тәржімалауға ат салысты. Балалар әдебиетінен армян ақыны С.Капутикянның «Маша сурет салады» (А., «Жалын», 1983) және орыс ақыны Е.Благининаның «Шинельді неге сақтап жүрсің?» (А., «Жалын», 1985) атты кітаптарын қазақ тіліне аударды.