Өскінбай Қалмамбетұлы
Өскінбай Қалмамбетұлы (1860, Маңғыстау түбегі, Жетібай – 1925, Жетібай кенті, «Қырғын» әулие қорымы) – халық күйшісі, ақын-жыршы. Мергендік, аңшы-саятшылық және атбегілік өнерлерімен де айналысқан.
Маңғыстау, Хиуа аймағына әйгілі Абыл, Есір, Мылқайдар, Ілекер мен Жоламан күйшіден, Нұрым мен Қашаған ақыннан тәлім-тәрбие алған. Түрікмен дутаршысы Ілбай бахшымен күй сайысына түсіп, үздік өнерімен елге танылады.
Сапармәмбет Өтеулі сияқты түрікмен күйшілерімен, Тәңірберген, Жолды, Арал, Сәулебай, Жәкен, Көпеш сияқты қазақ күйшілерімен бір жүріп өнер қуады.