Герман Гессе
Герман Гессе (1877 - 1962 ж.ж.) - неміс-швейцар жазушысы. Бірінші дүниежүзілік соғыстың қатыгездіктерін әшкерелеген, фашизмге дәйекті қарсы болып, екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бейбіт әлем мәдениетін негіздеу жолында қыруар қызмет атқарған. "Петер Каменцинд" (1904) романында көркемөнер адамының байлыққа ұмтылған ортадағы қиын тағдырын суреттеген. "Демиан" (1919) романы мен "Клейн және Вагнер" повесінде Г. Юнгтің "тереңдетілген психологиясының" ықпалымен тұлғаның "өзіне апаратын жолдарына" жан-жақты талдау берген. "Дала қасқыры" (1927) романында XX ғ. өркениетіндегі коллизиялар мен қайшылықтардың бетін ашып, олардан өнер мен әзіл арқылы жоғары тұруға болатынын көрсеткен. Гессе шығармасының түйіні - оның 1943 ж. мәдениеттану бағытында жазынған. "Бисер ойыны" атты романы. Бұл кітапты Гессе шығармасының жеткен шыңы, XX ғ. мәдениетінің жаңа бағдарларының түйіні деп бағалауға болады. Жаңа мифологиялық мәтінде сананың өзгертілген түрлері бейнеленеді "Бисер ойыны" романында постмодередік мәдени ағым тұрғысында өмірдің бұрын көп қарастырылмаған жаңа формалары мысалы, ойын мәдениеті суреттеледі. Формалармен ойнау арқылы өмірді басқа деңгейге көтеруге болады. Гессе бисер ойынының мәтініндегі мәтін, яғни интермәтін ретінде ұғындырады.