Асылбек Жаңбырбай
Асылбек Жаңбырбай 1985 жылдың 17 қазанында Бейнеу кентінде дүниеге келген. 2006 жылы Маңғыстау энергетикалық колледжін тәмамдаған. Бүгінде электрик мамандығы бойынша жұмыс жасайды. «Жанартау» жастар шығармашылығы қоғамдық бірлестінінің мүшесі. Өлеңдер топтамасы «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту» (2006ж.), «Жастар жырлайды» (2013ж.), «Маңғыстау мақамдары» (2013ж.) жинақтарына енген және республикалық газет-журналдарда жарияланған. Ер Шотанның 300 жылдығына (2005ж.), Сүйінғара батырдың 250 жылдығына (2006ж.) арналған мүшәйралардың, «Каспий – достық теңізі» (2006ж.), «Маңғыстау жұлдыздары» (2008ж.) фестивальдерінің, сондай-ақ Маңғыстау облысы әкімінің «Жас Тұлпар» байқауының (2009ж.) жеңімпазы. Шымкент қаласында өткен жас қаламгерлердің республикалық II форумына (2009ж.) қатысып, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің арнайы грант-жүлдесімен марапатталған. «Жансусар» (2008ж.) атты жыр кітабының авторы.