Қаршыға Есімсейітова
Қаршыға Есімсейітова, телеарна редакторы
1959 жылы туған. 1982 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. «Қазақстан пионері», «Қазақстан мектебі» газеттерінде, республикалық халық шығармашылығы орталығында, Қазақ радиосында қызмет атқарған.
1997 жылы журналистика саласындағы еңбегі үшін Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» белгісімен марапатталған. 1985 жылы «Қарлығаш» ұжымдық жинағы, 1994 жылы «Аңсаған атамекенім» жыр жинағы авторы.
«Отан деп соққан жүректер», «Тұмар», «Жүректегі жауһарлар», «Киелі Сыр» жинақтарына, «Сырдария кітапханасы» 200 томдық сериясына шығармалары енген. Қазақстан Журналистер одағының, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
«Сыр өнерінің тұлғалары», «Алаш ардақтылары» атты топтамалардың, тарихи-танымдық тақырыптағы бірнеше фильмдердің авторы.
Жалаңтөс Баһадүрдің 430 жылдығына үш сериялы деректі фильм, Әйтеке би туралы 2 бөлімді деректі фильм түсірген. 2004 жылы облыстық мәслихат пен облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2006 жылы «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік қоғамы төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталған. 2007 жылы облыс әкімінің стипендиаты атанған.