Макс Шелер

Макс Шелер (1874–1928) – неміс философы. Негізгі мамандығы – социолог. Философиялық социология жəне білім социологиясы салаларының негізін салушылардың бірі. «Соғыс данышпаны жəне неміс соғысы» (1915), «Соғыс жəне құрылыс» (1916), «Адам бойындағы мəңгілік құндылықтар туралы» («О вечном в человеке») (1921), «Білім формалары жəне қоғам» (1926) жəне басқа сүбелі еңбектержазған. Мюнхенде дүниеге келді. Философия мен медицинаны Берлин, Мюнхен, Иенн университеттерінде оқып -үйренді. 1900–1907 жылдары – Иенн университетінің приватдоценті болып қызмет істеді, 1907–1910 жылдары Мюнхен университетінде философиядан дəрістер оқыды. 1919 жылдан бастап, өмірінің соңына дейін дерлік Кельн университетінің профессоры міндетін атқарды. 1928 жылы Франкфурт-на-Майне университетінен шақыру алып, жұмысқа енді кіріскен кезінде бақилық болған.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: