Эрик Берн
Эрик Берн (1910–1970) – американ ойшылы. Мамандығы бойынша – психиатор. Трансакциялық талдау (адамдар арасындағы қарым-қатынас анализі) тəсіліні негізін қалаушы. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жүйесін терең əрі жан-жақты зерт-теу жұмыстарына көп творчестволық күш-жігер жұмсаған. «Трансакциалық талдау жөніндегі халықаралық ассоциация» құру жұмысына белсене қатысқан. «Адамдар ойнайтын ойындар» (1966), «Адам махаббатында секстің алатын орны» (1970), «Ойын ойнаушы адамдар» (1972) деген жəне басқа дүниеге кең тараған бірқатар шығарманың авторы.