Гастон Башляр
Гастон Башляр (1884–1962) – француз философы. Мəдениеттанушы һəм психолог ретінде де кең танылған. Неорационализм ағымының негізін салушы. Өзін-өзі – «ауыл пəлсафашысы» («сельский философ») атаған көрінеді. Өз Отанының Əдебиет саласындағы ұлттық сыйлығыңның иегері. «Ғылымның жаңа рухы» (1934), «Отқа психологиялық талдау жасау» («Психоанализ огня») (1937), «Жаңа рационализм» (1953) кітаптарының авторы. Шампань провинциясында өмірге келген. Колледж бітіріп, поштада қызмет еткен. Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы. Соғыстан кейін өзі дəріс алған оқу орнында физика жəне химия пəндерінен сабақ береді. 1927 жылы Сорбонн университетінде философия докторы ғылыми атағын алу үшін диссертация қорғайды. Одан кейін Дижон университетіне оқытушы болып орналасады. 1940 жылдан бастап, ғұмырынын ақырына шейін Сорбонн университетінде философия докторы ғылым тарихы мен философиясы кафедрасын басқарған.