Жиль Делез
Жиль Делез (1925–1995) – француз философы. Постструктурализм бағытын ұстанған. Жиырмасыншы ғасырдың алпысыншы жылдарындағы солшыл радикалдық саяси ағымдар сойылын соғушы. «Ницще жəне философия» (1962), «Айырмашылық пен қайталау» (1968), «Мағынаның қисыны» (1969), «Кино-1» (1983) жəне «Кино-2» (1985) деген тамаша туындылардың авторы. Мамандар Ж.Делез философиясы постструктурализм бағытындағы тағы бір кең танымал ағым – Ж.Деррида философиясына мүлдем кереғар деп есептейді.