meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Мұқан Төлебаев

МҰҚАН ТӨЛЕБАЙҰЛЫ ТӨЛЕБАЕВ (1913–1960) - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік əнұранының (əні) авторы, көрнекті композитор, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Республика Мемлекеттік сыйлығының иегері.
1913 жылы Талдықорған облысының (қазіргі Алматы облысы) Бөрлітөбе ауданындағы Қарашаған ауылында үниеге келген. Мəскеу консерваториясын бітірген. Көп жылдар бойы Алматы консерваториясында ұстаздық етіп, профессор. Қазақстан Композиторлар одағын басқарды. Қазақ саз өнеріндегі кəсіби жанрлардың негізін қалаушы.
Музыка мамандары оны «Қазақтың Глинкасы» деп бағалаған. Тұңғыш қазақ романсын жазған.
Негізгі шығармалары: «Амангелді» (Е. Брусиловскиймен бірге), «Біржан – Сара» опералары, «Қазақстан» симфониялық поэмасы. Елуден астам əндер мен романстар жазды. 100-ден астам халық əнін жинап, нотаға үсірді.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:
Автордың жарияланған шығармашылығы жоқ