Жұмабай ҚҰЛИЕВ
Публицист Жұмабай Құлиевтің бір ерекшелігі – туындыларында қоғамдық өмірдің қай қырын да кеңінен қамтиды, өзінің дербес, бірақ тегінде көпке ортақ ой-пікірін бүкпей, күмілжімей ашық айтады. Қолыңыздағы кітапта да еліміздің өмірінің барлық дерлік саласы бойынша азаматтық тұғыр айқын көрінеді. Нақ сол позиция оқырманның азаматтық келбетін де қалыптастыруға септеседі деп білеміз.