Гай Юлий Цезарь
Гай Юлий Цезарь(Ggaіus Julіus Cesar) (б.з.б. 102/100, Рим — 15.3.44, сонда) — Ежелгі Римнің саяси қайраткері, қолбасшы, жазушы. Цезарь — патрицийлік Юлийлер әулетінің өкілі. Билеуші Сулланың тұсында Римді тастап, Кіші Азияға кетуге мәжбүр болды. Сулла қайтыс болғаннан кейін (б.з.б. 78 ж.) Римге қайта оралып, саяси күреске араласты.