Ержан Жұмабек

Ержан Жұмабекұлы – 1987-жылдың 23-мамырында Шығыс Қазақстан облысы Аякөз қаласында дүниеге келген. 2004 жылы ШҚО Үржар ауданы Үржар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп-лицейін, 2008 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін тамамдаған. ШҚО бойынша өткен «Жігіт сұлтаны» байқауының бас жүлдегері. ІХ Халықаралық «Шабыт» фестивалінің дипломанты. Қазақстан ұлттық телеарнасының тікелей эфирінде өткен «Қазақстан чемпионаты», «Аламан» айтыстарының жүлдегері. Филология ғылымының магистрі. Өлеңдері «Қазақ әдебиеті» сынды республикалық газеттерде жиі жарияланып жүр. 2012 ж. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Шексіздік шұғыласы» атты тұңғыш кітабы жарық көрді. Қазір Қазақстан Семей телеарнасының жүргізуші-редакторы.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз: