Құл-Керім Елемес
Құл-Керім Елемес — 1963 жылы 5 қарашада ҚХР-дағы Шыңжаң өлкесі, Бұратала Моңғұл облысы, Жың ауданына қарасты Қызылүй деген жерде туған. Мектеп бітірген соң, екі жыл ұстаз, 1986-1991 жылдары Іле Қазақ автономиялы облысының «Іле» газетінде бөлім редакторы, 1991-1993 жылдары Шыңжаң халық радиостанциясында әдеби қызметкер болған. 1994 жылы атамекені Қазақстанға қоныс аударған. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Қазақ елі» газеттерінде тілші, «Жалын» баспасында аға редактор болып жұмыс істеген.