АҚЖАРҚЫН МҮТИЕВА
Бұл шығармада қазақ елінің сонау Алқакөл сұлама, Ақтабан шұбырынды кезінен бастап, тәуелсіз ел атануға дейінгі шежіре тарихы қысқаша баяндалған. Қазақ елінің құрылуынан бері өткен тарихи оқиғаларды тізбелеп, бүгінгі тұғырлы тәуелсіздігіміздің байрағының биікте желбіреуіне себепші болған атаулы көтерілістерді ашып көрсетуге тырыстым. Жастар жылының биылғы жылы ерекше атап өтіліп, тойлануы да егемендігіміз бен тәуелсіздігіміздің жемісі екені ақиқат. Егер біз елдік алып, қазақ елі болып жеке құрылмағанымызда осындай жарқын болашақ, жарық күнге қол жеткізер ме едік?! Болашақтың үлесі – өткен күннің күресінде! Елдігіміз еңселі, тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын!
| |
|
|
|
|
|
|