Жанат Жаубасов
Жанат Жаубасов — 1950 жылы 23 наурызда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылында туған. «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Гуманитарлық Академиясының академигі, Жазушылар одағының мүшесі, ақын, актер, Алматы облысы Талғар ауданының «Құрметті азаматы», «Жанат-ауылы» шаруа қожалығының төрағасы. «Жүрек сыры» (1998), «Ақ тілек» (2002), «Көксегенім ауылым» (2004), «Байлығым – халқым мен жер» (2010), «Мен – тәуелсіз Қазақпын» (2013), «Ұлы дала ұрпақтары» (2018), «Ұландарым Қырандарым» (2018) атты кітаптардың авторы.