Ибн әл-Хайсам
Әбу Әли әл-Хайсам Әбу Әли әл-Хасан ибн әл-Хайсам, әл-Ғазен, ибн әл-Хайсам (965, Басра — 1039 шамасында) — араб ғұламасы.
Каирде біраз жыл тұрып, еңбек еткен. Оның еңбектері математикаға, физикаға, медицинаға, физиологияға т.б. арналған. Әл-Хайсамның геометрикалық оптика мәселелеріне байланысты 7 кітаптан тұратын “Оптика қазынасы” (12 ғ-да латын тіліне аударылған) деген еңбегі физикалық оптиканың дамуына үлкен әсер етті. Аристотельдің, Евклидтің, Галеннің еңбектеріне түсіндірме жазған.