Шарль де Голль
Шарль Андре Жозеф Мари де Голль (фр. Charles André Joseph Marie de Gaulle), (22 қараша 1890 жыл, Лилль, — 9 қараша 1970 жыл, Коломбэ-ле-Дёз-Эглиз, Жоғарғы Марна департаменті) — француз генералы, мемлекет қайраткері. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Француз ұлт азаттық қозғалысының көсеміне айналды. Бесінші Республиканың негізін қалаушы және оның тұңғыш президенті (1959—1969).