Мәди Бәпиұлы
Мәди Бәпиұлы немесе Мәди (1880, Қарағанды облысы қазіргі Қарқаралы (бұрынғы Егіндібұлақ) ауданы – 1921, Қарқаралы) - ақын, халық әнші-композитор. Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік және теңсіздікті сынағаны үшін биліктің қудалауына ұшыраған.
Жалған айыппен түрмеге қамалып,Атбасар, Қарқаралы, Семей, Омбы түрмелерінде отырды. Қамауда отырғанда әділетсіздіктерге күйініп, бостандықты аңсаған «Қаракесек» әнін жазды. Халық арасына оның «Үшқара», «Мәди», «Шіркін-ай» және т.б. әндері кең тарады. Мәди түрмеде отырып 1916 жылғы көтеріліске үн қосты, өзінің өлеңдерінде патша үкіметі мен жергілікті феодалдардың зорлықшылдығы мен жүгенсіздігін айыптады. Кейбір өлеңдері Е.Г. Брусиловскийдің ұлттық «Қаракесек», «Ер Тарғын», «Шіркін-ай», «Мәди», «Қыз Жібек» операларында қолданылды. Мәди шығармалары әлі толық зерттелмеген. Оның шығармаларын А.Қ. Жұбанов, А.Бектасов зерттеді. Ә.Әбішев Мәдиге арнап «Найзағай» романын жазды.