Үкілі Ыбырай
Үкілі Ыбырай Сандыбайұлы (шын аты — Ыбырай) (1860, Көкшетау облысы, Володарский ауданы — 1930) — қазақтың халық сазгері, белгілі әнші (тенор) әрі ақын-импровизатор, классикалық халық музыкасының ірі өкілдерінің бірі.
Кедей шаруа отбасында туған. Үкілі Ыбырай бала кезінде молдадан оқып, арабша сауатты болған. Жасынан әнге, өлеңге құмар Үкілі Ыбырай қазақтың атақты әнші-ақындарынан (Орынбай, Арыстанбай Тобылбайұлы, Шөже, Біржан сал, Ақан, Балуан Шолақ, Тезекбай) үлгі-өнеге алып, олардың шығармашылық дәстүрін бойына сіңірді. Өз заманында әнші-сазгерлігімен аты шыққан Үкілі Ыбырайдың музыкалық мұрасында 40-қа жуық әндер бар.