Егеухан Мұқамәдиқызы
Егеухан Мұқамәдиқызы (1940 ж.т.) — ақын, айтыскер. Моңғолияның Баян-Өлгий аймағы «Баяннуур» сұмының «Олоннуур» шұнқыр жұртында дүниеге келген. Шығармалары Моңғолияда, Қазақстанда шыққан оннан аса жыр жинақтарына енген. «Аққайың» (1971), «Ару арманы» (1977), «Қос қанат» (1982), «Ал» (моңғол тілінде, 1989), «Қос ішек» (Алматы, «Жалын», 1996), «Қайтқан қаз» (Астана, «Аударма», 2005), «Махаббат жетегінде» (Астана, «Фолиант», 2010) атты жеке жыр жинақтары жарық көрген. 1983 жылдан — Моңғолия Журналистер одағының, 1990 жылдан — Моңғолия Жазушылар одағының, 1993 жылдан Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. МХР-ның екінші дәрежелі шахматшысы. ҚР мәдениет қайраткері.