Көмек Ыбрайұлы

Көмек Ыбрайұлы 1950 жылы 26 наурызда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданындағы «Тиген» деген жерде туған. 1974 жылы Әл – Фараби атындағы Шымкент Мәдениет институтының «Мәдени ағарту жұмыстары» факультетін «Ұлт аспаптары дирижері» мамандығы бойынша бітіріп шығады. Отыз жылдан астам уақыт жалпы білім беретін мектептерде ән – саз пәнінен дәріс беріп келеді. Қазір Ақтау қаласындағы №21 орта мектепте мұғалім. «Халыққа білім беру ісінің үздігі». Балаларға арналған «Көжек», «Көбелек», «Сыйлық», «Сиқырлы үшбұрыш» , «Жетіген», т.б. он шақты кітаптың, «Апа, туған күніңмен!» әндер жинағының, «Жиделер гүлдегенде» атты күйлер топтамасының (37 күй) авторы. «Сағымсың ба, сен», «Аяулым», «Наурыз», «Сағыныш лебі», «Білмейсің ғой», т.б. әндерін белгілі эстрада жұлдыздары орындап жүр. 2010 жылы «Ақ бұлақ» атты таңдамалысының І томы мен «Ақ кеме» әндер кітабы және «Ән шырқайық, балалар!» атты балаларға арналған әндер жинағы дискі түрінде жарық көрді. Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің 2006, 2009 жылдардағы жүлдегері. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі.
Автор ұнаса, сақтап қойыңыз:

Шығармашылығы мен еңбектері: