Абай Мауқараұлы
Абай Мауқарұлы — 1956 жылы 8 маусымда Монғолиядағы Баянөлгей аймағының Бұлғын өлкесінде дүниеге келген. Дәрігерлік мамандығымен қатар, жазушылықпен айналысып, «Тасқын» («Өлгей», 1984) деген аударма кітабын бастырған және сондағы «Шұғыла» әдеби журналы мен «Жаңа өмір» газетінде біршама әңгімелері мен публицистикалық мақалалары жарияланған. 1991 жылы атажұрты – Қазақстанға көшіп келген соң, еларалық «Шалқар» газетінде тілші, «Ана тілі» апталығында бөлім меңгерушісі, «Қазақ елі» газетінде бөлім редакторы, еларалық «Көш» газетінің алғашқы редакторы болып қызмет атқарған. Қазір «Нұр-Мүбәрәк» баспасында редакторлық қызметте. Осы мерзімдік басылымдарда шеттегі қазақтар өмірінен «Жүз жылғы көші-қон» атты Монғолиядағы қазақтар туралы тарихи-эссесі, «Ұлт қамы, сонсоң қарын», «О қазақ пен бұ қазақ», «Жылқы мінез қазақтың жерсінбеген жері бар», «Аймақтың шаңырағын көтеріскен», «Дәстүр үшін жан пида» сынды көптеген ой-толғаулары жарияланған. Түрік-монғолдың көне әдеби мұрасы «Алтын шежірені» («Өнер», 1998) қазақшаға тәржімалап, жеке кітап етіп бастырды.
«Көш-керуен» (Алматы, 1997), «Парасат падишасы» («Атамұра», 1998), «Ата салтыңды аяла» («Ана тілі», 1998), «Қазақ диаспорасының ана тілі мәселелері» (Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, 2000), «Алғашқы ұстаз» (Алматы, 2000) атты жинақтарға жекелеген туындылары енген. Тибет халқының ғибратнамалық кітабы «Субашид» («Аударма» баспасы, 2004) кітабы жарық көрген.