Зерттеу мақсаты. Қазіргі нарық қатынасына көшіп жатқан кезде өнім, жұмыс және қызмет көрсету сапасы еліміздің әлеуметтік-экономикалық өркендеуінің ең негізгі көрсеткіші. Адамның ұдайы өсіп келе жатқан және біртұтас қоғамның сұранысы сапасыз ешқашанда қанағаттандырылмайды. Сапа экономиканың жетілгенін аңғартатын көрсеткіш. Қандай да бір кәсіпорын өндірген өнімнің сапасы жоғары болған сайын пайдасы да жоғары болады. Өнеркәсісптің тиімді өндірістік-шаруашылық әрекеттілігінің маңызды жинақтаушы көрсеткішіне өндірістің табысы жатады. Жалпы айтқанда, пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді. Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға мүмкіндік береді. ....
1 КІРІСПЕ 1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы. Көптеген инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тарататын және халық шаруашылығына орасан экономикалық зиян әкелетін қауіпті зиянкестердің бірі - үлкен қалалар, елді мекендер мен ауыл шаруашылығындағы қора-жайларда, егіс алқаптарында, өндіріс орындарында қоныстанған тышқан тектес кеміргіштер болып келеді. Дүниежүзілік деңсаулық сақтау ұйымының эксперті Грэй Томастың пайымдауынша жер жүзінде кеміргіштер, эсіресе егеуқұйрықтар, жыл сайын тек қана дэнді дақылдар мек күріштің 33 млн-ға жуық тоннасын жеп қүртады. Әр жылы егін жиналып болғанша кеміргіштер оның 20%-дан астамын өз алдына жояды екен. Дәнді дақылдардан. басқа ет, сүт, балық өнімдерін, жас балапандарды, жұмыртқаларды жейді екен [1]. Бұрынғы Атырау құс фабрикасы, қазіргі "Қарлығаш" акционерлік қоғамында болған уақиғаға көңіл аударсақ, онда егеуқұйрықтар түн сайын 1200-1300 балапанды өлтіріп, 1500-1600 дана жұмыртқаларды жарып ішіп отырған. Егеуқұйрықтардың қауіпті инфекциялық ауруларды таратуының нәтижесінде әкелетін шығынды есептеу қиын. Көптеген жұқпалы аурулардың, оның ішінде аса қауіпті аурулардың қоздырғыштарын таратушысы болуымен қатар, олар жер-жерде адамдар арасында, үй жануарлары мен құстардың ішінде ауру тудырып, қауіпті инфекциялар ошағын үнемі тұтандырып отырады. ....
Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулері ғана жарыққа шағыратыны, сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім. Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы тәрізді қолданылу жағын көп зерттеген. Дегенмен, сонау көне үнді, грек тіл білімі өкілдерінен бастап күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да тіл білімінде әлі де талдану, анықталуы қажетті мәселелер орасан көп. Заттарға, құбылыстарға ең қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек грек тіл білімі өкілдері арасында ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алысуға себепші болып жүргені анық. Сөз мағынасы өте күрделі құбылыс. Ол бірнеше элементтерден тұрады, оның құрамында грамматикалық мағыналармен қатар сыртқы ортамен байланысып жатқан мағыналық элементтер де бар. Айналамыздағы қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың атаулары адамның санасында белгілі бір тәртіппен, жүйелі түрде орналасқан. Ендеше лексиканы жүйелі құбылыс деп тану қажет. Тіл – бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның жүйелілігі оның құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысып, бір-бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан көрінеді. Тілдің жүйелілік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын, мүмкіндіктерін ашып сипаттауды тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына алынып қарастырылуымен де байланысты. Сондай кіші жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты жатады. Лексика – бірліктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің бірнеше топтарынан тұратын, өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір тәртіппен байланысқан жүйе. Кез келген тілдің лексикасындағы сан мыңдаған сөздердің мән-мағынасын анықтап, олардың өзара байланысын тану үшін, екінші басқа тілден өзіндік белгілері мен айырмашылықтарын, ұқсас тұстарын айқындау үшін сөздік құрамның өзін бірнеше кіші жүйелерге бөліп, зерттеу тиімді. Тіл негізінен қарым-қатынас құралы. Оны сан қырынан қарастыру лингвистиканың еншісінде. Қазіргі тіл білімінде тілдің қолдану аясын, сонымен қатар жан-жақты қырларын ашып көрсетіп, зерттеу кең түрде қолға алынып келеді. Дегенмен де тілді зерттеудің кейбір салалары мен қырлары кенже дамып та келеді. Жеткілікті зерттелмегенімен лингвистер тарапынан көзден таса қалып жатыр деуге болмайды. Солардың бірі тілдегі жиі пайдаланылатын сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау болып табылады. Қазақ – ат қойғыш халық. Өзі тіршілік ететін кең даласына, оның аңдары мен өсімдіктеріне, күнделікті бағып жүрген төрт түлік малына байланысты қойылған сан мың атауларды былай қойғанда адамның өзіне қатысты атаулардың саны қаншама көп. Адамның өзіне қатысты атаулардың өзі өте мол. Оған адамның нәсілінен, есімінен бастап дене мүшелері, ағзалары, киімі, тамағы, ұйқысы, денсаулығы, түрлі қажеттіліктері т.б. атауларының бәрі жатады. Бұларды бір адамның түгел қамтуы мүмкін емес. Сондықтан біз өзімізге тағы да шектеу қойып, тек адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді алдымызға міндет етіп қойдық. Адамның жасына байланысты атаулар мен сол арқылы жасалған тұрақты тіркестер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын, мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-жақты зерттеу – сол байлықты оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз болып шығады. Қазақ тіліндегі сын есімдер жеткілікті зерттелген десек, қателескеніміз емес. Адамның жасына байланысты сын есімдер тіліміздің сөздік қорының қомақты бір саласы. Ал осы сөз таптарын (адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер) семантика тұрғысынан зерттеу енді қолға алынып келе жатыр. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әрбір халықтың жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін....
КІРІСПЕ Диплом жұмысының өзектілігі: «Қaзaқстaн – 2050» дaму бaғдaрлaмaсы, Қaзaқстaн Республикaсының «2003-2015 жылдaрғa aрнaлғaн индустриaлды-инновaциялық дaмуының стрaтегиясы» негізінде нaқты инвестициялық жобaлaрды қолдaу және отaндық кәсіпкерлерге қолдaу көрсету мaқсaтындa жобaлaрдың жүзеге aсуын қaдaғaлaу. Диплом жұмысының мaқсaты: Инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaудa тиімділікіті есептеудің нaқты көрсеткіштерін пaйдaлaну және шынaйы инвестициялық және бизнес жобaлaрды құруды меңгеру. Есептеулерді Project Expert aрнaйы прогрaммaсы aрқылы жүргізу, кәсіпорын тиімділігін бaғaлaу aрқылы болaшaқтaғы кәсіпорын тaбысын игеру және жобaны іске aсырудa отaндық және шетелдiк инвестицияны тaрту, 2015-2020 жылдaрғa стрaтегиясын құру,сонымен қaтaр aлынғaн нәтижелерді ескере келе осы жобaны іс жүзінде жүзеге aсыру. Диплом жұмысының мiндеттерi: - экономикaлық кaтегория ретінде инвестициялaрдың жіктелуі мен aнықтaмaсын қaрaстыру; - кәсіпорындaрдa инвестициялық процестерді ұйымдaстыру ретін үйрету; - инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу; - инвестициялық жобaның тиімділігін бaғaлaу әдістерін бaзaлық тaлдaу; - инвестициялық жобaлaр мен әдістеріндегі тaлдaудың зерттемелері; - инвестициялық қызметтерді жетілдіру жолдaрының зерттемесі және aлынғaн нәтижелердің негіздемелері. Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі: «Aтырaу гипс зауыты» ЖШС кәсіпорын мысaлы. Зерттеудің теориялық және методологиялық бaзaсы зaмaнaуи қaржы-экономикалық бaсқaрмасының теориясы, инвестициялық менеджмент, инвестициялық тиімділікті тaлдaу, сонымен қосa стaтистикaлық тaлдaу теориялaры болып тaбылaды. Кез келген кәсіпорын инвестициялық стрaтегиясын құрғaн кезде қaржы бaсқaрмaсының инвестициялық портфельі негізінде өзінің инвестициялық жобaсын тaңдaйды. Кез келген жобaны тaңдaмaс бұрын ең aлдымен технолгия, өнім, жaңa тәжірибелік - құрaстырылмaлы қызметтерге және жүргізілетін қолдaнбaлы немесе фундaментaлды зерттеулер бaрысындa күтілетін нәтижелерді ескере отырып идеялaр жинaқтaлaды. Жaңa идеялaрды іздеуде ұжым мaмaндaрының шығaрмaшылық қaбілеттері үлкен мaңызғa ие. Жобaлaрдың әртүрлілігіне қaрaмaстaн мұндaғы тaлдaу aрнaйы бөлімдерге: жобaның институтционaлды және экономикaлық орындaулaрынa, қaржылық, техникaлық, коммерциялық бaғaлaулaрғa қосылaды. Идеяның шынaйылығын келесі көрсеткіштер бойыншa бaғaлaуғa болaды: өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қaбілеттілігі; экологиялық ортaның жaқсaруы; кірістердің өсуі; өндірілетін өнім көлемі мен қызмет көрсетулердің aртуы; қызмет көрсетулер мен өндірілетін өнімдерді шығaрудa шығындaрды төмендету; бaсқa нaрыққa шығу мүмкіндіктері; кaпитaлдaрды тиімді пaйдaлaну; кәсіпорын мен инвестордың имиджін aрттыру.....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті [1].....
КІРІСПЕ Стилистика - тіл мамандарын дайындайтын факультеттердің бәрінде оқытылатын негізгі пәндердің бірі. Оны оқытудың теориялық та, тәжірибелікте маңызы зор. Курстың мақсаты - студенттерді стилистиканың негізгі мәселелерімен, стильдерді тілдік ұйымдастыру ұстанымдарымен, тілдік құралдарды сөйлеуде қолдану заңдылықтарымен таныстыру. Тіл жөніндегі жаңа саясат елімізде қазақ тілін оқып үйренуді іс-жүзінде жүзеге асыруды жетілдіре түсуге толық мүмкіндік жасап отыр. Осымен байланысты мектептер қазақ тілінін оқытып үйретудің заман талаптарына сай әдістемесін жасау міндеттері шешімін күтуде. Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі: Мектеп оқушыларының сөйлеу тіліне көбіне мәтіннің стильдік бірыңғайлығын сақтамау, тілдің бейнелеу құралдарын орнымен пайдалана білмеу, синонимдік қорының жұтаңдығы, сөйлеудің көбінесе штампқа құрылуы, шығарманы жалаң лепірме потетикаға құрып жазу сияқты т.б. қателер тән болып келеді. Мұндай қателер тілдік құралдардың стилистикалық реңктерін білмеуден туады. Сондықтан оқушыларды стилистикалық дағды мен стилистикалық түйсікті тәрбиелеудің қажеттігі зор. Тілдік пән ретіндегі стилистиканың пәні, міндеттері, сипаты көлемі мен мазмұны, оның басқа ғылым салаларымен қарым-қатынасы әртүрлі түсіндіріліп жүр. Оның негізгі қарастыратын мәселелерінің қатарына әдеби тілдің стильдік тармақтары, тілдің бейнелегіш, мәнерлегіш құралдары, синонимдер т.б. жатқызылғанымен, олардың өзін түсіндіруде әртүрлі көзқарастар болып келді. Стилистика ғылымы дамыған сайын жаңа мәселелер туындап отырады. Ал оның түрлерін анықтауда ғалымдар арасында онша көп алшақтықтары жоқ. В.В. Виноградов стилистиканың өзара бір-бірімен байланысты, бірақ өзіндік мәселелері, өзінің міндеттері, өлшемдері мен категориялары бар 3 түрін бөліп көрсетеді. Олар: 1. «жүйелердің жүйесі ретіндегі» тілдің стилистикасы немесе құрылымдық стилистика, ол тілдің функционалды стилдерін зерттейді; 2. сөйлеу стилистикасы, ол ауызша және жазбаша сөздің қоғамдық шартталған түрлері мен жанрлары арасындағы мағыналық және экспрессивтік — стилистикалық сипаттағы айырмашылықтарды зерттейді. (мысалы, лекция, пікірталас, баяндама, әңгімелесу, мақала, ғылыми пікір, құлтықтау, хат т.б.); 3. көркем әдебиет стилистикасы, ол көркем шығарманың, жазушының стилін құрайтын барлық элементтерді зерттейді. [1, 20]. М.Н. Кожина стилистиканың төрт бағытын немесе аспектісін көрсетеді: 1. Тілдің стилистикалық байлығын зерттейтін бағыт, бұл сипаттама стилистикаға жатады. Өйткені ол тілдегі барлық бояулы құралдарды, сөздер мен тілдік тұлғалардың, құрылымдардың бейнелеуіш қасиеттерін мағыналық - функционалдық мүмкіндіктерін зерттейді. Бұл бағыттың негізгі бір нысанына тілдің стилистикалық синонимиясы жатады. 2. Функционалды стилистика. Ол функционалды стильдерді зерттейді. 3. Көркем әдебиет стилдері туралы ғылым. 4. Практикалық стилистика. [2]. Осыған байланысты В.В. Виноградов: «Тілдік құралдардың әсер ету сапаларын зерттей отырып, сөздік құрамдағы, сөз таптарындағы, синтаксистік құрылымдардағы синонимдік эквиваленттерді, варианттарды айқындай отырып, стилистика тілді зерттеудің өзіндік бір биік шыңы, ұлттық тілдік мәдениетті арттырудың теориялық негізі болып табылады», -дейді. [3]. Диплом жұмысының зерттеу нысанасы. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. Диплом жұмысының зерттеу пәні. Қазақ тіл пәнінің оқыту үрдісі. Диплом жұмысының мақсаты: 9-сынып оқушыларына стилистикадан білім, білік, дағдысын қалыптастыру әдістемесі. Диплом жұмысының міндеті: -Стилистика және стиль ұғымын анықтау; -Стилистика бойынша ғылыми еңбектерді талдау; -Әдеби тіл стильдерінің ғылыми негіздерін сипаттау; -9 сыныпта стилистиканы оқытудың әдістемесін ұсыну. Диплом жұмысының ғылыми – теориялық маңыздылығы: Диплом жұмысы лингвистиканың бір бөлігі стилистикаға арналған. Тіліміздегі әдеби тіл стильдерінің тілдік ерекшеліктерін көрсеткен. 9-сыныпта стилистикадан білім, білік дағды беру әдістемесін сипаттаған. Диплом жұмысының практикалық және теориялық негіздері: Тіл туралы заңдар, сөйлеу әрекетінің қағидары, қатысымдық іс-әрекет, жалпы орта білім беру стандарты.....
Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, өзіндік экономикалық бет-бағдар жасады. Сонымен бірге біздің тек қана экономикалық формациямыз өзгеріп қана қойған жоқ, әрі қоғамымыз бүтіндей өзгерді. Жаңа ғасырға аяқ басқан жас мемлекетіміз құрылымында, жас қоғамдық құбылыстар мен жаңа мамандықтар қалыптаса бастады. Соның бірі – Әлеуметтік жұмыс мамандығы. Әлеуметтік жұмыстың пайда болуы қоғамдық қажеттілік болса, және оның мамандық ретінде қалыптасуының бірнеше себептері бар. Соларға өз бетімше қысқаша тоқталып өтсем: Біріншіден, Қазақстан Республикасы Конституциясында, әсіресе, 1995-жылғы 30-тамызда қабылданған '',...Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады…1 '' – деп, әлеуметтік саясат жүргізе бастауы, жаңа пәннің қалыптасуына әсер етті. Екіншіден, Кеңестік жүйеде өмір сүрген мемлекетіміз Егемендік алғаннан кейін, әртүрлі деңгейдегі әлеуметтік проблемаларға кездесе берді. Соның бірі түсініктірек болуы үшін “кедейлік” ұғымын алсақ. КСРО-кезеңінде бұл терминмен тікелей ұшыраспағанбыз, өйткені Кеңес елдерінде сол ұғымды ресми мойындаған емес, ал шын мәнінде бұл өзекті мәселе қоғамымызда белең алып бара жатқан соң оны ресми мойындап, нақты зерттеулер, онымен күресу жолдары қарастырылуы өте қажет болды.....
Тақырыптың өзектілігі. Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен салал іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қаббаттаса жүреді. Салықтардың экономикалық мәні мемлекеттің заңды және жеке тұлғалармен қалыптасатын ақша қарым-қатынастарымен сипатталады, сондықтан салықтар экономикалық категория ретінде қаралуы мүмкін. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Френсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. ....
Егеменді Қазақстан өзінің тәуелсіздігін нығайта түсуімен қатар алыс және жақын елдердегі қазақ диаспорасын ерекше көңіл бөлінуде. Кезінде әр түрле себептермен көшіп кеткен қандастарымыз тәуелсіз мемлекетімізге орала бастады. Сондықтан оларға «оралман» атауда берілді. Басқаша айтқанда, халықаралық деңгейде «репатриат» деп аталатын бұл құбылыс өзінің өзектілігімен күннен күнге маңыздылығын арттыра түсуде. Өйткені қазақ халқының 30-35 пайызы өзінің тарихи Отанының сыртындағы елдерде өмір сүруде. Қазіргі таңда әлемдегі қазақтардың 7-8 пайызы тарихи Отанына оралды. Яғни оралмандар еліміздегі үлкен әлеуметтік топты құрады. Сонымен қатар ұлттық негіздегі демографиясының дамуына, демографиялық қауіптен шығудың амалы тек оралмандар арқылы шешіліп жатыр. Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасының Президенті 2006 жылғы халыққа жолдауында – « Біз оралмандарды арнаулы орталықтарда алдын ала дайындау , қоғамызға бейімдеу мен кіріктіру үшін жағдай туғызуға көбірек зер салуымыз керек. Басқа елдер сияқты кәсіпке баулап, тіл үйретсек, олар жаңа жағдайға тезірек бейімделетін болады» халыққа нұсқау беруі оралмандардың мәселесін түбегейлі шешуге бет бұратын уақыттың келгенін және бұл мәселенің өзекті болып отырғанын білдірсе керек. ....